Саясат • 07 Сәуір, 2022

Amanat жаңарту жұмысын бастады

513 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Саяси тұғырнама, «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» және 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы секілді негізгі бағдарламалық құжаттарды қысқа мерзімде жаңарту жөніндегі жұмыс топтарымен жиналыс өткізді.

Amanat жаңарту жұмысын бастады

Асхат Оралов 1 наурызда өт­кен съезде Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев пар­тия­ны жаңғыртудың, оның ішін­де не­гізгі бағдарламалық құжат­тар­ды қайта қарау бойынша ба­сым­дықтарды белгілегенін атап өтті.

Осыған орай әрбір бағдарла­ма­лық құжат бойынша жеке жұмыс топтары құрылды. Пар­тия­ның саяси тұғырнамасын жаңар­ту жөніндегі жұмыс тобы­ның жетекшісі болып Мәжі­ліс депутаты, Amanat фракция­сы­ның мүшесі Айдос Сарым таға­йын­далды. 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек жетекшілік етеді. Ал 2025 жылға дейінгі бағдарлама бойынша жұмыс тобының жетек­шісі Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров болды.

Жұмыс топтарының құрамы­на Сенат пен Мәжіліс депутаттары, партия Саяси кеңесінің мү­шелері, сарапшылар қоғамдас­тығының, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері, уәкілетті мем­лекеттік органдар мен «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.

«Партияның құндылықтары мен басым­дықтары белгіленген саяси плат­форма 2013 жылы қабыл­данды. Жаңар­тылған құжат­та қо­ғам­да қалыптасып жат­қан жаңа құн­­дылықтарды айшық­тап, азаматтар­дың өз­геріс­терге деген барлық сұраныс­тарын барынша ескеру қажет», деді партияның атқарушы хатшысы.

А.Оралов «Бақуатты қоғам: онжыл­дықтың 10 мақсаты» бағдар­ламасында пандемия, қаңтардағы оқиғалар және геосаяси ахуалдың шиеленісуіне бай­ланысты қазіргі заманғы сын-қатер­лер мен қауіптерді ескере отырып, тұжырымдамалық тәсілдерді мұқият пысықтау қажеттігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша жұмыс тобының басты міндеті – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу­шілікті қалыптастыруға, мемлекет пен қоғамды осы әлеуметтік зұлым­дықпен күреске жұмылдыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.

Өңірлік филиалдардан және пар­тияның мәслихаттар мен Мәжі­лістегі депутаттық фракция мүше­лері­нен ұсы­ныстар жинау қысқа мер­зімде ұйым­дас­тырылады. Бағ­дар­лама жобалары түрлі диалог алаңдарында, сараптамалық кездесулерде, оның ішінде онлайн-форматта да талқыланбақ.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қазіргі таңда қоғамда өз­герістерге деген сұраныс та, тиісінше пар­тия­ларға қойылатын талап-тілек те өте жоғары екенін атап өтті. «Әрине, өз­геріс қажет. Бірақ сабақтастық болуы керек. Сондықтан біз өткен­нің жақ­­­сы­сын ала отырып, болашаққа қадам жа­саймыз», деді Е.Сайыров. Ке­ңес ба­­ры­сында Айдос Сарым, Сая­сат Нұр­бек және басқа да жұмыс топтары­ның мүшелері өз ойларын ортаға салды.