Қазақстан • 07 Сәуір, 2022

Десантшылардың жаттығу деңгейі тексеріледі

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр. Аталған іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қолға алынды.

Десантшылардың жаттығу деңгейі тексеріледі

Десантшылар полигондарға көп­ша­қы­рымдық марш жасайды. Оның ішінде, Алматы, Талдықорған гарнизондары әскери бөлімдерінің жеке құрамы «Іле» полигонына, Қапшағай гарнизонының десантшылары «Шошқалы» полигонына жіберіледі. Әскерлердің жауынгерлік техникамен қозғалысы түнгі уақыттарда әскери авиация тікұшақтарының бүркемелеуімен және жедел бүркемелеу шараларын сақтаумен жүзеге асырылатын болады.

Марш жасау жауынгерлік және арнайы техникалардың техникалық жағдайын, сондай-ақ механик-жүргізушілердің да­йын­дық деңгейін объективті бағалауға мүм­кіндік береді.

Десанттық-шабуылдау әскерлері құра­ма­лары мен бөлімдерінің басшылық құрамы қозғалыс кезінде бөлімшелерді басқару, барлау, коменданттық қызметті ұйымдастыру, тосқауыл шебін еңсеру мен маршты жан-жақты қамтамасыз ету тәжірибесін игеретін болады.

Әскери қызметшілер шартты аудан­дар­ға келгеннен кейін түрлі жауын­гер­лік іс-қимылдардан тұратын оқу-жа­уын­гер­лік міндеттерді орындайды. Тап­сыр­малардың мазмұны оларды орындау алдында ғана бөлімшелерге белгілі болады. Бұл командирлердің өз бетінше ше­шім қабылдауға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Бақылау тексерісінің басты мақсаты – әскери қызметшілердің күрделі жауын­гер­лік жағдайда іс-қимыл жасауға әзір­лі­гін, Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлім­шелерінің оқу-жаттығу деңгейі мен үйле­сім­дігін бағалау болып отыр.

Биылғы сәуір айында Қарулы күштерде бақылау тексерісі жаңа форматта жүргізіледі. Құ­рамалар мен бөлімдер полигондарға шы­ғып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Тексеріс нәтижесі бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі баға­ла­нады.