«Алаяқтар смартфон арқылы өзге біреудің банк қосымшасына кіреді. Олардың арасында тіпті электронды цифрлы қолтаңбаны бұза алатындары да кездеседі. Биылғы жылдың 3 айында облыс бойынша 64 азамат осындай алаяққа алданған», деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Ведомство мәліметіне қарағанда, осындай оқиғаның бірі Жалағаш ауданында тіркелген. Онда жергілікті тұрғын танысының ұялы телефонын сұрап алып, 495 мың теңге онлайн несие рәсімдеген. Бұл әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.
Еске салсақ, Қызылорда облысында алаяқтық қылмысы 54,4 пайызға азайған.