Жол апаты 6 сәуірде Екібастұз қаласынан 20 шақырым жерде сағат 16:45-те Павлодар-Қызылорда автожолының 1279 шақырымында болған. 32 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі көлікті басқара алмай, кюветке шығып, аударылып кеткен.
«Орын алған апатта 1966, 1976 және 2008 жылдары туған Chevrolet көлігінің жолаушылары алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 1987 жылы туған жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді», деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.