Тағайындау • 07 Сәуір, 2022

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып Жолмағамбетов Тұрар Бибітұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Тұрар Жолмағамбетов 1987 жылы 23 наурызда Қызылорда облысының Жаңақазалы қаласында дүниеге келген.

2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаса, ал 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын 2010 жылы «Байқоңыр жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-да тау-кен металлургия кешені орталығының бас сарапшысы, кейін салалық даму орталығының директоры болды. 2019 жылы «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Қайнар-А» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.