Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Pfizer вакцинасын сатып алуға 20,6 млрд теңгеге бөлінеді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы Вице-министрі Татьяна Савельева мәжілісте коронавируспен күреске үш жылдық бюджетте қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer вакцинасын сатып алуға 20,6 млрд теңгеге бөлінеді

Татьяна Савельева «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды.

«Медициналық қызметкерлерге эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны және денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының медициналық емес қызметкерлерінің жалақысын көтергені үшін қосымша ақы төлеуге 69 млрд теңге көзделеді. Жаңа қосымша төлемдер бойынша шешім өткен жылдың соңында қабылданды, сондықтан бекітілген бюджетте осы мақсаттарға қаражат қарастырылмаған. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шараларға, оның ішінде вакцина сатып алуға жұмсалатын шығындар 77 млрд теңге. Бұл шығындар бюджетке де кірмейді, өйткені жағдай әлі анықталған жоқ», деді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Кейін Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Әбділдин коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын сатып алуға 20,6 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

«Егер менің есімде болса, онда бұл 20,6 млрд теңге - вакцинаның 2 компонентіне, 2 млн адамға жетеді», деп қосты Татьяна Савельева.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше