Пікір • 08 Сәуір, 2022

Ел дамуындағы маңызды реформалар бастауы

560 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 наурызда сөйлеген сөзі Қазақстанның саяси жүйесіндегі елеулі өзгерістерді айқын көрсетіп, оның ел дамуы үшін маңызды реформаларға бағытталғанын растады.

Ел дамуындағы маңызды реформалар бастауы

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Президент Тоқаев қаңтардағы оқиғалар белгілі бір дәрежеде саяси және экономикалық қыз­меттің ішкі тоқырауы мен моно­полияланудың салдары екенін де мойындады. Халыққа Жол­дауында: «Төңкеріс жасауға ұм­тыл­ғандардың арасында бел­гілі адамдар болды. Жоғары лауа­зым иелері мемлекетке сатқын­дық жасады», деген ол елде бас­та­л­ған реформалар өздерінің заң­­­сыз әрекеттерін жалғастыруға ты­рыс­­қан ықпалды адамдардың на­ра­­зы­­лығын тудырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станның саяси жүйесінің кемші­ліктері туралы ашық айтуды жалғас­тыра келіп, қоғамның елдегі тү­бегейлі өзгерістер туралы тала­бын қолдайтынын біл­дірді. Атап айтқанда, ол Пре­зи­дент­тің қолында биліктің шама­дан тыс шоғырлануына негіз­делген басқару жүйесін атап өтіп, мұны «түбегейлі дұрыс емес» деді. Жағдайды түзету үшін ол Парламенттің рөлін күшей­ту­ге, атқарушы билікті билеу­ші пар­тиядан бөлуге, сайлау жүйесін­дегі өзгерістермен қатар саяси пар­тия­лар құру процесін одан әрі жеңілдетуге және ең бас­тысы, азаматтар тікелей жүгіне алатын Конституциялық сот құруға шақырды. Бұл қадам­дар жүзеге асқан жағдайда Қазақ­станды демократиялық бағытқа айналдыруға мүмкін­дік береді. Бірақ Президент атап көрсеткен бұл талап-міндет­тер нақты іске асырылғанда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл міндеттер мемлекеттік қызметшілердің менталитетіндегі өзгерістермен бірге жүрсе, оны елдің жоғары басшылығы қамтамасыз етуі керек. Президент жариялаған жоғары басшылықтың отбасыларын экономикалық қыз­меттен бөлу жөніндегі қадам­дарды қазақстандық қоғам оң қабылдады. Сондай-ақ биліктің шоғырлануы жоғары лауазымды адамдардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олигархиялық топтар­дың ықпалын күшейтті деп тану да жұртшылықтың ой-пікірін дөп басқаны анық. Болашақта Президент Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нақты тетіктерін жоғары деңгейде ұстануы керек. Бұл жөнінде ол өзі де нақты қадамдарын айқындап көрсетіп берген болатын.

 

Сванте КОРНЕЛЛ,

Орталық Азия және Кавказ институтының зерттеу жөніндегі директоры (Швеция)