Әлем • 08 Сәуір, 2022

Қазақстан-Польша қарым-қатынасына – 30 жыл

744 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орна­ғанына 30 жыл толды.

Қазақстан-Польша қарым-қатынасына – 30 жыл

Айтулы оқиғаға орай екі мем­лекеттің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анджей Дуда, сондай-ақ Қазақ­станның Сыртқы істер мин­истрі Мұхтар Тілеуберді мен Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рау өзара құттықтау хаттармен алмасты.

Нұр-Сұлтан мен Варша­ва­да мерейтойлық күнге орай Қазақ­стан мен Польша­ның сырт­қы істер министрлік­те­рін­де ресми кездесулер өтті. Қа­зақ­стан Сыртқы істер министрінің орын­басары Роман Васи­ленко Польша елшісі Селим Хаз­биевичті, ал Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Мар­чин Пшидач Қазақстан елшісі Әлім Қирабаевты қабылдады.

«Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде екі ел арасындағы әріптестік жылдан-жылға нығайып және жан-жақты кеңейіп, бүгінде биік деңгейге жетті. Бұған екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қолдаумен қатар, жаһан­дық сын-тегеуріндер аясын­да­ғы күрделі сәттерде көрініс тап­қан өзара көмек пен ынтымақтастық дәлел болып табылады», деп атап өтті Р.Василенко.

Қазақстандық дипломат Украинада әскери іс-қимылдар басталғаннан бері Польша Үкіметінің Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін көрсеткен зор көмегіне алғыс білдірді. Атап айтқанда, Польшаның Ка­товице қаласындағы әуежа­йы­нан жеті эвакуациялық рейс ұйымдастырылып, жалпы ал­ғанда 700-ден астам адам Қазақ­станға оралды.

Дипломаттар алдағы жылдары жан-жақты ынтымақтастық саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала­ларда одан әрі кеңейе бере­тініне сенім білдірді. Екі ел арасында жоғары және үкіметтік деңгейде тұрақты байланыстар ор­натылғанын, сондай-ақ пар­ла­ментаралық диалогтың қар­қынды даму серпінін атап өтті.

Тараптар сауда-эконо­ми­ка­­лық және инвестициялық бай­ланысқа ерекше тоқталды. Поль­ша – Қазақстанның Еуро­па­лық одақ елдері арасын­дағы сегізінші ең ірі сауда әріптесі. 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 760,4 млн доллар болған, ал 2005-2021 жылдар аралығында Польшадан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың көлемі 272,6 млн долларға жеткен.

Қазақстан мен Польша арасында энергетика, жасыл тех­но­логия, көлік және логис­­тика, электронды сауда, қар­­жы тех­нологиялары, туризм, агро­өнеркәсіптік кешен сияқ­ты салаларда бірлескен перс­пек­тивалық жобаларды дамытуда әлеует бары айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35