Аймақтар • 08 Сәуір, 2022

Қызылордада алаяқтарға алданған тұрғындар арыздануда

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада екі адамнан 10 млн теңгеден астам қаржыны алдап алған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада алаяқтарға алданған тұрғындар арыздануда

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны былтыр танысы несие алуға көмек беремін деп, 2 млн 300 мың теңгені алдап алғаны жөнінде арыз түсірген.

Сол күні полицияға алаяқтық дерегі туралы тағы бір арыз түскен.

Мәлім болғанындай, 2019 жылдың наурыз-желтоқсан айларында белгісіз азаматша «үй алуға көмек беремін» деп алдау-арбау жолымен ақша жымқырған. Келтірілген шығын мөлшері - 8 миллион 350 мың теңге.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда бірнеше рет жасалған алаяқтық жағдайы көрсетілген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бөтен біреудің атына онлайн несие рәсімдеген 64 алаяқ ұсталған болатын.