Спорт • 08 Сәуір, 2022

Олимпиадаға алғашқы қадам

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Халықаралық спорт күніне орай Спортты дамыту дирекциясы және Францияның Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен 2024 жылы Парижде өтетін Олимпия ойын­дары қарсаңында «Париж Олим­пиадасына алғашқы қадам» атты іс-шара өтті.

Олимпиадаға алғашқы қадам

№17 Шарль де Голль-Мирас француз мектебінің және өзге де білім мекемелерінің жүзден астам оқушысы «әлемдік эстафетаға» қатысты. 24 сағат бойы жалғасатын бұл эстафета Фиджиден бастау алып, Жапония, Камбоджа, Қазақстан, Үндістан, Камерун, Бразилия және АҚШ елдерінен өтіп, Таитиде аяқталады (Француз Полинезиясы). Ол Жер шарының қырықтан астам елін және 24 сағат уақыт белдеуін қамтиды. Іс-шараға Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс пен Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ 18 спортшы қатысты.

Айта кетейік, 1900 және 1924 жылдардағы Олимпиадалардан кейін Париж қаласы 2024 жылы үшінші рет жазғы Олимпия ойындарын қабылдамақ. Төртжылдықтың басты додасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.