Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, музей заттарын қалпына келтіру және оның өміршеңдігіне қызмет ете отырып, замана өнерімен ұштастыру екені көпке аян.

Жыл сайын музейдің реставраторлары музей заттарының бұзылуын болдырмау және зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, экспонаттардың сақталуына оңтайлы жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыстың атқарылу барысы музейде өткен «Наурыз нақыштары» атты қазақ мәдениеті мен дәстүрлі ұлттық өнерінің фестивалінде кеңінен көрініс тапты.
Фестиваль аясында Мемлекеттік орталық музей коллекциясындағы қалпына келтірілген зергерлік бұйымдардың негізінде «Көненің көзі» атты көрме ашылды. Көрмеде арғы ғасырлардағы дәстүрлі қазақ зергерлік әшекейлерінің сан алуандығы мен сұлулығын ғана көрсетіп қоймай, мәдени мұраны сақтауға және музей құндылықтарын жаңғыртуға өз үлесін қосып отырған музей реставраторларының тынымсыз күрделі жұмысының нәтижесі көпшілікке таныстырылды.
Орталық музей реставраторлары әртүрлі сипаттағы артефактілерді қалпына келтіру барысында түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, экспонаттарды жөндеу, экспозициялық «түрге» келтіру жұмысын кешенді түрде орындайды. Соңғы уақытта музейдің суретші, зергер, тағы басқа реставраторлары зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, музей жәдігерлерінің 700-ден астам сақтау бірлігін қалпына келтірді.
«Көненің көзі» атты көрме экспозициясында алғаш рет дәстүрлі қазақ зергерлік бұйымдарының музей қорындағы бірегей топтамасынан 100-ден астам қалпына келтірілген әйелдердің зергерлік бұйымдары ұсынылды: сырғалар, білезіктер, сақиналар, шолпылар, киімге арналған сәндік ілгектерді музейге келгендер ықыласпен қызықтады
Экспонаттардың ішінде Гариф Жалмұханов, Иван Брякин, Алтынбек Абдулдаев сияқты зергерлердің көпғасырлық дәстүр бойынша дайындаған зергерлік әшекейлері де осы көрмеден орын алған. Сонымен қатар көрмеде ұлттық опера өнерінің шамшырағы Күләш Байсейітова, қазақтың би өнерін қалыптастыруда өлшеусіз еңбек сіңірген Шара Жиенқұлова, жезтаңдай әнші Жамал Омарова секілді ХХ ғасырдағы аты аңызға айналған әйелдердің зергерлік жинақтары көрменің салмағын арттырып, ажарын аша түскен. «Көненің көзі» көрмесі Орталық музей реставратор шеберлерінің көп жылғы жұмысының түрлі қырлары мен құпияларын ашып көрсетеді.
Мәдени іс-шара бағдарламасы аясында зергерлік өнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, өнер майталмандары – этникалық әндердің танымал орындаушысы «Тенгри» музыкалық этнотобы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттері өнер көрсетті.
АЛМАТЫ
Өнер • Бүгін, 08:35
Үкімет • Бүгін, 00:01
Ел болашағына арналған бағдарлама
Қоғам • Кеше
Зейнетақы қоры ірі жобаларды инвестициялайды
Экономика • Кеше
1 700 жолаушының өтелген шығыны
Экономика • Кеше
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Пікір • Кеше
Ауыл • Кеше
Көші-қонның жаңа тәртібі күшіне енді
Қазақстан • Кеше
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Үміт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы
Медицина • Кеше
Күйік шалғандар лайықты ем алды
Аймақтар • Кеше
Сәбиге жасалған күрделі операция
Медицина • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Білім • Кеше
Әлеуметтік кесел әл бермей тұр
Аймақтар • Кеше
Ең қысқа әңгіме • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Елеусіновтің екпінін кім басты?
Бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Конгресс кітапханасында сақталған
Тарих • Кеше
Қоғам • Кеше
Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»
Өнер • Кеше
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Кеше
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Кеше
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар