Бокс • 08 Сәуір, 2022

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

BF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Екі боксшы да орта дивизиондағы салмақ шегін орындады. Орташа салмақ шегі - 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.

Жапонияның Сайтама қаласында ұйымдастырылатын Головкин-Мурата арасындағы кәсіпқой бокс кешінің трансляциясы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Кездесуді теледидардан бөлек, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар.