Оңтүстік бастоғандағы су сорғы стансасы аумағына құм жиналып қалғандықтан облыс орталығын сумен үздіксіз қамтамасыз етуде туындаған қауіп бар. Оңтүстік Бастоған облыс орталығы халқын және кәсіпорындарды шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су көзі.
«Павлодар-Суарнасы» ЖШС құрылтайшысы («WEST-Квазар» ЖШС), бұрын өзен сағаларын құмнан тазарту жұмыстарымен айналысқан және одан құрылыс материалдарын өндірген. Жергілікті үкіметтің шешімі салдарынан бүгінде жұмысын тоқтатуға мәжбүр.
Баспасөз-конференциясына қатысушылардың айтуынша, бұл мәселенің мән-жайынан жұмыс істеп тұрған бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу талпынысының дәлелін байқауға болады.
Қазір құм үйінділері күннен күнге ұлғайып келеді, өзен арнасын тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Себебі оның салдарынан Павлодар қаласына су берілуі тоқтатылуы мүмкін. Бұл халық тіршілігін қамтамасыз етуге тікелей қауіп тудырады.
Сонымен қатар, бүгін баспасөз мәслихатында спикерлер «WEST-KVAZAR» ЖШС қызметіне қатысты сот процесінде Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьясының процессуалдық құжаттарды бұрмалау фактісі туралы мәлімдеме жасайды. Қызметтегі жалған фактіні Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты растады.