Қазақстан халқының жалпы санындағы әйелдердің үлесі қысқарып келеді.
Мәселен, 2017 жылдың 1 наурызында республика тұрғындарының 51,62 пайызы, ал 2018 жылы — 51,58, 2019 жылы — 51,54, 2020 жылы — 51,51, в 2021 жылы — 51,48, 2022 жылы 51,43 пайызы әйелдер болды.
Өңірлер арасында Алматы қаласында, Алматы мен Түркістан облыстарында әйелдердің саны басым болса, Солтүстік Қазақстан облысында аз.
Елімізде 29 жасқа дейінгі әйел жынысының саны ерлерге қарағанда басым. Ал 30-бен 49 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер саны тең деуге болады.
50 жастан кейін ғана гендерлік баланс әйелдер жағында Қазақстан халқының жалпы санындағы 50-ден 59 жасқа дейінгі әйелдер үлесі 53,6 пайызды құрағанымен, одан кейінгі жастан бастап олардың саны күрт артып, 72,1 пайызға жетеді.
Яғни, елімізде қыздар мен бойжеткендер ұлдар мен бозбалаларға қарағанда аз.
Бірақ, жасы 80 қарт әйелдердің саны елімізде дәл осы жастағы ер адамдардан екі есеге көп.
2021 елімізде жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,3 млн адамға жетті.
Әйелдердің басым бөлігі сауда және автожөндеу саласында жұмыс істейді.
Сонымен қатар білім беру, агроөнеркәсіп, құрылыс салаларында еңбек ететін әйелдердің үлесі басым.