Асланбек Шымбергенов жартылай финалда 69 келі салмақта таиландтық Атичай Фомсаппен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек екінші раундта қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді.
Таиланд боксшысына медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде Асланбек финалға жолдама алды.
Айта кетсек, кешкі сессияда 63 келі салмақта өқос қазақстандық Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов кездесті. Жекпе-жекте Сұлтан Мусинов жеңімпаз атанды.
Халықаралық турнирде 91 келіде Нұрбек Оралбай отандасы Сағындық Тоғамбаймен қолғап түйістіріп, финалға жолдама алды.
Ал 57 келіде Серік Теміржанов жартылай финалда таиландтық Руджакран Джунтронгты 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ 75 келіде Аятулла Тәкіжанов жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін місе тұтты. Финал 9 сәуірге белгіленген.