Грант сомасы 400 АЕК – 1 225 200 теңге.
«ШОБ қала экономикасында жетекші орынға ие және мұнда 10 алматылықтың 6-ы істейді. Биылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша аралығында қабылданады. Нақты мерзімдері мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз», деді Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.
Өтінімді 1 сәуірінен бастап business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.