«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2015-2021 жылдар аралығындағы ресми деректеріне сәйкес қабылданған шаралар балалардың суицид деңгейін 12,5%-ға, яғни 201-ден 175 жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2020 жылмен салыстырғанда балалар суицидінің 21,5%-ға өсуі тіркелген. Дәлірек айтқанда, 144-тен 175 жағдайға дейін», деп айтты Тоғжанов.
Оның сөзінше, 2021 жылы көрсеткіштердің өсуіне байланысты балалар арасында суицид фактілері мен әрекеттерін болдырмау жөніндегі шаралар әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы бекітілді және 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.
«Байланыс туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заңдарға әлеуметтік желілерге арналған «онлайн-платформа», мессенджерлер үшін – «шұғыл хабарламалармен алмасу сервисі» түсініктерін енгізу жолымен интернет желісінде құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық шараларды бекітуді реттейтін түзетулер енгізіледі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында буллингке (кибербуллингке) қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі тетіктер бекітіледі», делінген Ералы Тоғжановтың депутаттарға берген жауабында.