Оқиға • 08 Сәуір, 2022

Жаңаөзенде пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Видеода көлік жүргізушісі тепловоз машинистінің әрекеті дұрыс еместігін айтқан.

Салдарынан аталған бағыттағы қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтатылған. 

Көлік жүргізушісі апатқа пойыз кінәлі деп мәлімдеп, оқиға орнына жол сақшыларын шақыртқан. Полиция келіп, тиісті жұмыстарын жүргізіп біткенше ондаған автокөліктің иесі амалсыздан күтуге мәжбүр болды.

«Жеңіл көліктегі жас жігіт екен. Тепловоздың жүргізушісін кінәлап тұр. Дұрыс жүрмеді, сигнал бермеді деп. Менікі дұрыс дегеннен қайтпай тұр. Енді тұрмыз, полиция бәрін сызып біткенше», – дейді оқиға куәгерлерінің бірі.