Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті азаматты ұстады.
«Түнде белгісіз ер адам 88 жастағы қарияның есігін қағып, ашуын сұраған. Қария есікті ашқан сәтте ер адам оны ұрып, тонай бастаған», деп хабарлады полицейлер.
Тергеу барысында қаскүнемнің Затаевич көшесінде пәтер жалдағаны анықталды.
«Қарама-қарсы пәтерде жалғыз адам тұратынын біліп, қасақана барған. Елорда полицейлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Бұған дейін оның ұрлық үшін сотталғаны анықталды», деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.