Аймақтар • 09 Сәуір, 2022

Интернеттегі алаяқтық азаймай тұр

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық ПД басшысы халық алдындағы есеп беру кездесуінде интернет желісіндегі алаяқтық деректерінің екі есеге артқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Интернеттегі алаяқтық азаймай тұр

Таймерденовтың айтуынша, қылмыскерлер ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырады, содан кейін өздерінің қазіргі уақытта ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқандарын айтып, Ұлттық банк қызметкерімен байланысқа көшу үшін желіде болуды сұрайды.

Әрі қарай, телефонның арғы жағындағы дауыс сіздің картаңыз бойынша рұқсатсыз ақша аударымы әрекеттері жүріп жатқанын және ақшаңызды үнемдеу үшін белгілі бір соманы банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына салу керектігін айтады.

«Назар аударыңыз! Сақ болыңыз! Есіңізде болсын, банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректерін сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келетін кодтарды беруді талап етпейді», деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД бастығы Қанат Таймерденов

Мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді кілт тоқтатып, банк картасында немесе банк сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалуыңыз керек.

Өзіңіздің банктік картаңыздың деректерін, сондай-ақ өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге және ешқандай жағдайда бермеңіз.