фото: Instagram/saitama-super-arena
Бұл айтулы кеште барлығы үш титулдық жекпе-жек жоспарланған.
Біріншісінде жапондық боксшылар Сюитиро Есино (14-0, 11 КО) және Масаюки Ито (27-3-1, 15 КО) жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific және OPBF титулдарына өзара таласады, екіншісінде рингке жергілікті спортшы шығады: Дзюнто Накатани (22-0, 17 КО) және Риота Ямаучи (8-1, 7 КО) жеңіл салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуін додаға салады, ал кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және жапондық Риота Мурата (16-2, 13 КО) WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласатын болады. Головкин — Муратаның жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:10-да басталады.