Аймақтар • 10 Сәуір, 2022

Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейден Тәжікстанға бағыт алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысындағы тас жолда отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті

9 сәуірде сағат 21: 00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара – Шымкент тас жолының 73 шақырымында жүк көлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты.

Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Volvo жүк көлігі тіркемесінің баллоны өртенгені белгілі болды.

Өздігінен от тұтану салдарынан үлкен жүк көлігі үстіндегі тұрмыстық техникадан тұратын жүгімен қоса толықтай өртенді. Зардап шеккендер жоқ, тек материалдық шығын тіркелді. Жүргізуші тек құжаттарын алып үлгерген. Өрт сөндірілді. Жолдар ашық.

Бұл факт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.