Бокс • 11 Сәуір, 2022

Мурата Головкинмен өткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігіне баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мурата Головкинмен өткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді

фото: Sports.kz

«Мен Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі екен, себебі ол ұрғанда әр тұстан қиғаштай соғады. Және соққысының ауырлығын да сезіндім», деді Мурата.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Риота Муратаны 9-раундта нокаутқа түсіріп, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.

Оның келесі жекпе-жегі қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) болады.