Экология • 11 Сәуір, 2022

Елорда әкімдігі ботаникалық бақта қырылған балыққа қатысты түсінік берді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары қаладағы ботаникалық бақтың су қоймасында өлі балықтың жиналғанына алаңдаушылық білдірді. Қала әкімдігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімдігі ботаникалық бақта қырылған балыққа қатысты түсінік берді

Балықтардың суреттерін Самал Ибраева есімді жергілікті тұрғын Facebook парақшасына жариялаған.

«Ботаникалық бақтағы тоған жасанды, яғни ол тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметіне арналған. Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірілмейтінін ескертеді. Себебі бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары мұнда Нұра каналы арқылы табиғи түрде келген болуы мүмкін», делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар әкімдік тоғанның тереңдігі 0,5 метрден 3,5 метрге дейін екенін ескере отырып, су қоймасы толығымен қатып қалатынын түсіндірді. 

«Күн жылынған кезде аудан әкімдігі су қоймасын тазарту жұмыстарын бастайды», деді әкімдік өкілдері.