Әлем • 11 Сәуір, 2022

Макрон президенттік сайлаудың бірінші турында көш бастап тұр

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон 27,6% дауыс жинап, президенттік сайлауда көшбасшылықты сақтап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Макрон президенттік сайлаудың бірінші турында көш бастап тұр

Франция Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, «Ұлттық бірлестік» оңшыл партиясының басшысы Марин Ле Пен 23,41% жинап, екінші орынжа келе жатыр. Ал солшыл партияның басшысы Жан-Люк Меланшон 21,95%-дық көрсеткішпен үшінші орында тұр.

Сонымен бірге, Францияның астаналық аймағында қандидаттар қатарынан шығып кеткен Меланшон (30,24% дауыс) бірінші орынды иеленді, одан кейін Макрон (30,19%) және Ле Пен (12,97%). Бұл аймақта төртінші орынды оңшыл кандидат Эрик Земмур (7,46%) иеленді. Бестікті 6,19% жинаған оңшыл республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс жапты.

Айта кетсек, Франциядағы президенттік сайлаудың екінші туры 24 сәуірде өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20