Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

Тіл саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік комиссия құрылады

731 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы Премьер-Министрдің өкімі дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіл саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік комиссия құрылады

Комиссия мемлекеттік тіл саясатының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Комиссия өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алатыны көрсетіледі.

Комиссияның жұмыс органы ҚР Білім және ғылым министрлігі болып бекітілді.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  • Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Тіл реформасын кешенді іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру және қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
  • Мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту, қолдану аясын кеңейту, үйлесімді тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • Мемлекеттік тілдің халықаралық қарым-қатынастағы рөлі мен орны, шетелде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  • Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Комиссияның функциялары:

  • Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары және мемлекеттік емес ұйымдар басшыларының мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдау, ұсыныстар беру;
  • Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың ғылыми, білім беру аспектілерін және оның ғылым мен мәдениет тіліне барынша өзгеруін қарау;
  • Мемлекеттік тіл саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеттерін талдау.

Құжат 22 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.