
«Алдағы кезеңде баға айтарлықтай өспейді. Біздің тарапымыздан бағаны тұрақтандыру үшін мемлекет пен Үкімет тарапынан тұрақтандыру қорларына әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қажетті көлемін сатып алу, тауар интервенциялары, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» резервтерінен арзандатылған бидайды сату сияқты бірқатар шаралар қабылдануда. Осыған байланысты АШМ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, оның ішінде ұн мен нан бағасының өсуі күтілмейтінін атап өткім келеді», деді ҚР АШМ Агроазық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова.