Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны қысқарды

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қызметкерлер саны 2 есе қысқарды. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі директоры Ғибрат Ауғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны қысқарды

«Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін компанияда бірқатар шара қолға алынып, ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Штат 2 есеге қысқартылып, қызметкерлердің саны азайды. Басқару лауазымы да екі есеге дейін қысқарды. Сонымен қатар компаниядағы кеңесшілер институты мен қордың шетелдегі өкілдіктері жабылды», деді Ғибрат Ауғанов.

Оның айтуынша, биыл 1 сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-да сатып алудың жаңа ережесі енгізілді.

«Сатып алудың жаңа ережесі қоғам мен құзырлы органдардың қызу талқысынан өтті. Жаңа ережеде біз барынша ашықтықты қамтамасыз етуге тырыстық. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілігі күшейтілді. Сол сияқты аталған салаға жауапты жетекшілер тағайындалды. Тағы бір айтып өтетін жайт, жыл басында өндірістік қызметкерлердің жалақысы біршама артты. Одан бөлек бірқатар әлеуметтік-қайырымдылық бағыттағы іс-шара қолға алынды», деді ол.