Жақында полиция бөліміне көл жағасынан табылған ер адамның мәйіті туралы хабарлама келіп түсті. Оны көл жағасынан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғындар тапты.
«Көл жағасынан табылған ер адамның денесі өткен жылдың 24 қарашасында жоғалған Болат Дүйсембаевқа тиесілі», делінген облыстық ПД хабарламасында.
Полиция ер адамның денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ екенін атап өтті.