Ауа райы • 11 Сәуір, 2022

14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12 сәуір күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Түнде Алматы облысының батысында және оңтүстігінде, күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. 

Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл болады. 

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай болып, шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, оның екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай болжанады.