Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындарынан кейін тағы да көшбасшы команда ауысты. Өткен турда «Ақжайықпен» тең ойнаған «Қайрат» бұл жолы өз алаңында Ақтаудың «Каспий» клубын жеңіп, 11 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал төртінші турдан кейін топ бастаған Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасынан» ірі есеппен жеңіліп, үшінші орынға түсіп қалса, Қарағандының «Шахтері» қатарынан төртінші матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Бесінші турдың орталық ойыны Алматыдағы «Орталық» стадионда жергілікті «Қайрат» пен Ақтаудың «Каспий» клубтары арасында өтті. Кейінгі екі турда қарсыластарымен тең түсіп, төрт ұпайынан айырылған Құрбан Бердыев шәкірттері турнир кестесіндегі жағдайын жақсарту үшін бұл матчта қалайда «теңізшілерден» ұпай алуға тиіс болатын. Ал қатарынан екі турда жеңіске жеткен «Каспийге» де ұпай жоғалту тиімсіз болатын. Алайда Николай Костов шәкірттері тең дәрежеде өткен ойында 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойынның 14-минутында чемпионаттың қазіргі үздік сұрмергені Хосе Канте мергендігімен көзге түсіп, есеп ашты. Бірақ қапталдағы төреші гвинеялық шабуылшы ойыннан тыс қалғанын бас төрешіге ескертіп, голды есептемей тастады. Дегенмен тайм аяқталар тұста Жоао Пауло жеке шеберлігінің арқасында «Каспийдің» қақпасына гол соғып, командасына маңызды 3 ұпай сыйлады. Сөйтіп, Құрбан Бердыевтың командасы турнир кестесінде бірінші орынға шықты. «Каспий» матч бойы допқа иелік еткенімен, қауіпті шабуыл, гол соғатын мүмкіндіктер бойынша «Қайраттан» қалып қойды.
Бесінші турдың басты сенсациясы Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы матчта тіркелді. Төрт тур қатарынан жеңілістің не екенін білмей келе жатқан былтырғы ел чемпиондары күтпеген жерде біріншіліктің ортаңқол командасынан жеңіліп қалды – 3:1. Таблодағы нәтиженің көрінісіне 14-минутта «Тобыл» қорғаушысы Александр Марочкиннің алаңнан қуылуы қатты әсер етті. Қақпаға еніп бара жатқан допты әдейі қолымен қайтарғаны үшін бас төреші Марочкинге бірден «қызыл қағаз» көрсетіп, «Тобыл» қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік нүктеде Эльхан Астанов мүлт кеткен жоқ – 1:0. 41-минутта Игорь Сергеев таразы басын теңестіргенімен, 45-минутта «Ордабасының» тоголық шабуылшысы Серж Ньюиадзи командасын қайтадан алға шығарды. Екінші таймның соңында С.Ньюиадзи тағы да мергендігімен көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды. Ел чемпиондарын сенімді түрде жеңген «Ордабасы» турнир кестесінде 6-орынға көтерілді. Ал тұңғыш рет жеңіліп, осы күнге дейін қақпасына бірде-бір гол жібермей, бірден бақандай үш гол өткізіп алған «Тобыл» топ басынан үшінші сатыға сырғыды.
Чемпионатты сәтсіз бастаған елорданың «Астана» клубы тур өткен сайын күшейіп келеді. Кейінгі екі турда алты ұпай иеленген елордалықтар кеше де жеңісті жолын жалғастырды. «Астана Аренада» «Тараз» клубын қабылдап, қонақтарды 2:1 есебімен қапы қалдырды. Бірінші таймның 22-минутында алаң иелері сапынан Макс Эбонг кезекті шабуылын голмен түйіндеп, матчтың есебін ашқан болса, іле-шала қонақ команданың қорғаушысы Лука Гадрани бұрыштамадан гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал екінші таймның 67-минутында «Тараздың» қорғаушысы Аслан Дарабаевтың пасынан кейін өз қақпасына гол соғып алды. Бұл – «Астананың» чемпионаттағы қатарынан үшінші жеңісі болса, «Тараз» осымен екінші ойында жеңілістің кермек дәмін татты.
Түркістан облысының «Мақтаарал» клубын қабылдаған Қарағандының «Шахтері» қонақтар қақпасына бес гол соғып, турдың ең ірі жеңісін тіркеді – 5:1. Негізі қарағандылықтар осы ойындағы алты голдың бәрін де өздері соқты. Тек соңғысы автогол ретінде тіркеліп, қонақтар пайдасына жазылды. Стадионға жиналған төрт мың жанкүйерін жарқын жеңісімен қуантқан «Шахтер» екінші орынға көтерілді. Ал чемпионаттағы әзірше ең ірі жеңіліске ұшыраған мақталы өлкенің командасы бір ұпаймен көш соңында келеді.
Сондай-ақ бесінші тур аясында Атырауға сапар шеккен Оралдың «Ақжайық» клубы Оралхан Өміртаевтың соққан жалғыз голының арқасында кезекті үш ұпайына қол жеткізіп, 11-орынға көтерілді. Батыстың тағы бір командасы – «Ақтөбе» де сырт алаңда кезекті жеңісін тойлады. Павлодарда чемпионат дебютанты «Ақсумен» кездескен Владимир Муханов шәкірттері 2:1 есебімен басым түсті. Алғашқы төрт турдан кейін бас бапкер Владимир Газзаевты қызметінен алған «Тұран» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарымен» тең ойнады – 0:0.
VI тур ойындары 15-16 сәуір күндері өтеді. Жұма күні «Тұран» – «Ордабасы», «Қызылжар» – «Ақтөбе», «Каспий» – «Атырау», «Тобыл» – «Қайрат», «Ақжайық» – «Астана» командалары кездессе, сенбі күнгі ойындарда «Мақтаарал» – «Ақсу» және «Тараз» – «Шахтер» клубтары бақ сынайды.
Турнир кестесі
№ |
Клуб |
О |
Ж |
Т |
Ұ |
Доп айырмасы |
Ұпай |
1 |
«Қайрат» |
5 |
3 |
2 |
0 |
5-1 |
11 |
2 |
«Шахтер» |
4 |
3 |
1 |
0 |
10-2 |
10 |
3 |
«Тобыл» |
5 |
3 |
1 |
1 |
7-3 |
10 |
4 |
«Каспий» |
5 |
3 |
1 |
1 |
4-2 |
10 |
5 |
«Астана» |
5 |
3 |
0 |
2 |
6-5 |
9 |
6 |
«Ордабасы» |
5 |
2 |
1 |
2 |
7-5 |
7 |
7 |
«Атырау» |
5 |
2 |
1 |
2 |
4-4 |
7 |
8 |
«Ақтөбе» |
5 |
2 |
1 |
2 |
5-6 |
7 |
9 |
«Тараз» |
5 |
1 |
2 |
2 |
3-4 |
5 |
10 |
«Ақсу» |
4 |
1 |
1 |
2 |
3-4 |
4 |
11 |
«Ақжайық» |
4 |
1 |
1 |
2 |
1-3 |
4 |
12 |
«Қызылжар» |
5 |
1 |
1 |
3 |
2-5 |
4 |
13 |
«Тұран» |
4 |
0 |
2 |
2 |
0-4 |
2 |
14 |
«Мақтаарал» |
5 |
0 |
1 |
4 |
3-12 |
1 |
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар