Спорт • 12 Сәуір, 2022

Чемпиондар анықталды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда үстел теннисінен Қазақ­стан чемпионаты аяқталды. Көрер­мендер ерлер арасында өткен финал­дық сайысты қызыға тамашалады.

Чемпиондар анықталды

Жарыстың бас жүлдесі үшін елордалық Кирилл Герасименко мен қарағандылық Алан Құрманғалиев таласты. Бұл ойын­шылардың екеуінің де бағындырған белес­тері өте көп. Атап айтсақ, 25 жастағы Кирилл еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, бірқатар халықаралық турнирдің же­ңімпазы, Рио Олимпиадасына қатысушы. Әлемдік рейтингте ол 37-орында тұр. 15 жастағы Аланның да қол жеткізген табыс­тары жетерлік. Қарағандының тумасы өз қатарластары арасында талай дүбірлі додада дараланып, дүниежүзілік рейтингте көш бастады. Қос мықтының сайысы тәжірибелі Герасименконың пайдасына шешілді. Құрманғалиев күміс алса, шымкенттік Ирисбек Артукметов пен тараздық Ескендір Харки қола медальды мойындарына ілді.

Қыздар арасындағы бәсекелерде қара­­ғандылық Зәуреш Ақашеваға тең келер ешкім табылмады. Финалда ол шым­кент­тік Сарвиноз Мір­қадыровадан басым түсті. Ерлердің жұп­тық сайысында Алан Құр­манғалиев пен Эрик Рейтер озса, қыз­дар тар­тысында Зәуреш Ақашева мен Сар­виноз Мірқадырова дара шықты. Аралас жұптардың жарысында Эрик Рейтер мен Анастасия Лаврованың асығы алшысынан түсті.