Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы бойынша қала мәслихаты Алматы әкімі мен аудан әкімдерінің халықпен кездесуінің жылдық күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі Ерболат Досаев 14 сәуір күні Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырады.

Жылдық күнтізбеге сәйкес Ерболат Досаев алматылықтармен 24 рет кездеседі. Тағы 24 кездесуді аудан әкімдері өткізеді.

Сәуір айына аудан әкімдерінің халықпен 13 кездесуі жоспарланған.

Аяна Тоғанбек