Спорт • 12 Сәуір, 2022

Әйелдер волейбол командалары арасынан ел үздігі анықталды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Волейболдан жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер волейбол командалары арасынан ел үздігі анықталды

Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 80 ұпай еншілеген «Қуаныш-2» құрама командасы Қазақстан чемпионы атанды. 

Бес кезең нәтижесінде 69 ұпай еншілеген «Алтай-4» екінші, ал 66 ұпайы бар «Алтай-2» үшінші орыннан көрінді. 

Жалпы турнир кестесі келесідей: 

1. «Қуаныш-2» (80 ұпай)

2. «Алтай-4» (69 ұпай)

3. «Алтай-2» (66 ұпай)

4. «ERTIS-2» (61 ұпай)

5. «Алтай-3» (58 ұпай)

6. «Жетісу-2» (42 ұпай)

7. «Қарағанды-2» (30 ұпай)

8. «Хайқаракөз-2» (24 ұпай)

9. «Ару Астана-2» (2 ұпай)

Аяна Тоғанбек