«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында шаруаларды қолайлы бағамен жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіледі. Бүгінгі күні көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және тұрақты жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасына 212 мың теңге бағамен 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл өңірге байланысты бөлшек сауда бағасынан орта есеппен 15-30%-ға төмен», деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында.
Бұған дейін Б. Ақшолақов жыл басынан бері елімізде 22 млн тонна мұнай өндірілгенін айтқан болатын. Қаңтар-наурыз айларында 17,6 млн тонна мұнай экспортталған.
Сонымен бірге Қазақстаннан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін елден шығаруға салынған тыйым тағы 6 айға ұзарады.
Аяна Тоғанбек