Алматыдағы Жетісу ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 28 жастағы келіншек үш перзентімен секіріп кеткен болатын. Артынша бұл жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 105 бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тергеу жұмыстары басталған.
«Әуезов аудандық полиция басқармасымен аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, қайғылы жағдай өткен жылдың қараша айында болған еді. 28 жастағы Бақтыгүл Қыдырбаева 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен. Кейін келіншектің мұндай қадамға отбасылық жанжалдан барғаны белгілі болды.