Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстанның болашағы үшін» студенттер бірлестігі елорда волонтерлерінің бастамаларын қолдауға арналған шағын гранттар байқауын жариялады.
Белсенді жастар арасындағы байқауға өтінімді 22 сәуірге дейін жіберуге болады. Қатысушылардың жас шамасы 14-29 жас аралығында болуы шарт.
Жастар арасында үздік 20 жобаға 350 мың теңге шағын грант беріледі. Байқаудың басты мақсаты – жас азаматтардың игі бастамаларын қолдап, жастардың азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік мәселесін шешуге арналған және инновация, ғылым, спорт тәрізді бағыттар бойынша қабылданады.