Басылымның мәліметінше, ұйым «Омикрон» штамының екі жаңа түрін бақылап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы BA.4 және BA.5 штамдарының жұқпалы екенін анықтау үшін бағалау тізіміне қосқанын айтқан.
«ДДҰ қосымша мутацияларға байланысты жаңа кіші түрлерді бақылауды бастады, олардың иммундық қорғаныс әлеуетіне әсерін түсіну үшін қосымша зерттеу қажет», делінген хабарламада.
Сонымен қатар коронавирусқа қарсы шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты инфекция тезірек таралуы мүмкін, бұл өз кезегінде жаңа штамдардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
«Вакцина өмірді сақтап қалудың ең күшті құралы болып қала береді», деді ДДҰ басшысы.
Аяна Тоғанбек