«Шопан Ата» агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, қазақ ғалымдары жетімнің күйін кешіп отыр.
- Еліміздегі ауыл шаруашылығына қатысы бар 14 ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары еңбек биржасында кезекте тұр. Ғылым магистранттары, кандидаттар, Phd докторларға еңбек биржасында көше сыпыру сияқты қоғамдық жұмыстар ұсынылады. Бұл не деген масқара? Ұят жағдай! Осы мерекеде қазақтың агроғалымдарынан кешірім сұраймын. Бұған Үкіметте, Парламентте отырғандар, құжаттары бойынша «ғалымдар» кінәлі. Енді ешқашан қазақтың ғалымдары еңбек биржасында тіркеуде тұрмасын. Қазақтың агроғалымдары еңбек биржасында тұрса, біз қалай ауыл шаруашылығы туралы әңгіме айтамыз? – дейді Алмасбек Садырбаев.