Пікір • 13 Сәуір, 2022

Реформалар арқылы екі қадам алға басады

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформаларға толы Жолдауымен танысып шықтым. Қазақстанның нағыз досы ретінде Президент қолға алған барлық бастамаларды құптаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бастамашыл болған барлық реформаны жүйелі түрде жүзеге асыратынына және Қазақстанның Корея Республикасы сияқты әлеуметтік дамуға қол жеткізетініне сенімім мол.

Реформалар арқылы екі қадам алға басады

Біз реформалардың ауқымы кең екенін және олардың мем­лекеттік басқарудың барлық ба­ғытын қамтитынын көріп отырмыз. Мұндай реформалардың толыққанды жоспарын жасау оңай шаруа емес, ал сол рефор­маларды түсіну процесі одан да қиын. Үкіметтің халық ал­дындағы міндеттемелерінің жауап­кершілігі зор болған­дық­тан, билік қоғамда қалыптасқан қарсылық психологиясын жеңу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Ал халық Прези­дент бастамаларын қолдауы, шыдамдылық танытуы тиіс.

Бүгінде экономикалық даму мен демократияға қол жеткізген Корея Республикасының қазіргі тарихына көз жүгірте отырып, Үкі­меттің уәделерін орын­дау­дың, сондай-ақ халықтың түсінуі мен қатысуының маңыздылығын атап өткім келеді.

Үкімет пен халық реформалар жоспарын іске асыру процесінде туындайтын мәсе­лелердің орындалуы кезінде шыдамсыздық танытпайды, керісінше ұзақ мерзімді перс­пек­тиваға үміт арта отырып, бар­лық қажетті іс-шараларды қабыл­дайды деп үміттенемін. Сонда ғана реформалардың қозғаушы күші сақталып, мүмкін болатын құрбандық пен шығын көлемі азаяды.

Қазақстан халқы мен Үкі­метіне қазір бағаның өсуі өз ауыртпалығын тигізіп отыр­ғаны анық. Алайда бұл мемле­кет­­тің жетілуі кезінде жүріп өте­тін жолы, процесі екенін ұмытпау керек.

Корея Республикасы да мұн­дай өткір мәселелермен бет­пе-бет кездескен. Өзекті про­б­лемаларды еңсерген. Елі­міз тынымсыз атқарылған жұмыс­тар мен реформалардың арқа­сын­­да бүгінгі прогреске қол жет­­кізді. Қазақстанның да бар­лық қиындықтарды жеңіп шыға­ты­нына бек сенімдімін.

Қазақстан коронавирус інде­тінің таралуын тежеп, белгілі бір деңгейде жеңіске жеткені мә­лім. Жаһан жұртын әбігерге сал­ған індетпен белсенді күрескен елдің қазіргі саяси-әлеуметтік мәселелерді де еңсере алатыны даусыз.

Қазақстан тәуелсіздік алған­­нан кейін Орталық Азия­дағы ең ірі дамушы ел болды. Бұл Қазақстан Үкіметі мен халқы­ның бірлігінің, берекелі тірлі­гінің белгісі деп білемін. Бұл жолы Қазақстан рефор­малар мен дамудың қозғау­шы кү­шін алға екі қадам жасау мүмкін­дігі ретінде пайдалана алатыны­на иланамын. Қыс­қасы, мемлекет­тің жүйелі жұ­мыс­тар арқылы табысқа жете­ті­ні даусыз.

 

Ким Дэ СИК,

Корея Республикасы Губернаторлары қауымдастығы Халықаралық қатынастар департаментінің бас директоры