Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне таяп қалды. Плей-офф кезеңінің жартылай финалында бақ сынап жатқан Қарағандының «Сарыарқасы» төрт команданың ішінде алғашқылардың бірі болып финалға жолдама алды. Плей-оффта елорданың «Номадымен» кездескен қарағандылық хоккейшілер соңғы, шешуші матчта қарсыластарын ірі есеппен жеңіп, финалға шықты. Ал жартылай финалдың екінші жұбында өнер көрсетіп жатқан Атыраудың «Бейбарысы» мен Көкшетаудың «Арланы» жетінші кездесу өткізетін болды.

«Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы бесінші матчтың алдында «кеншілер» командасы серияда 3:2 есебімен алда тұрды. Қарағандыда өткен бесінші кездесуде «Номад» 5:3 есебімен жеңіске жетіп, сериядағы есеп айырмасын қысқартты. Өз мұзайдынында өтетін маңызды, алтыншы ойынның қарсаңында «көшпенділер» қосымша мотивацияға ие болды. «Сарыарқа» хоккейшілері бір аяғымен финалда тұрғандықтан, олар да бұл ойында аянып қалмайтыны анық еді.
Екі команда үшін де маңызды әрі шешуші матч болғандықтан, кездесу «ә» дегеннен тартысты басталды. Екі клубтың хоккейшілері де есепті бірінші болып ашуға тырысты. Бірінші кезеңнің 17-минутында сан басымдығына ие болған «сарыарқалықтар» өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ. Никита Анаховскийден тамаша пас алған шабуылшы Сергей Голоднюк Никита Бояркин қорғаған қақпадан саңылау тауып, командасына басымдық сыйлады. Үзілістен кейін қарқынын одан әрі күшейткен қонақтар 21-минутта есепті 2:0-ге жеткізді. Шайба авторы – Денис Федоров. Ал 38-минутта тағы да сан басымдығына ие болған «Сарыарқа» есептегі басымдығын үш голға дейін жеткізді. Бұл жолы Михаил Рахманов мергендігімен көзге түсті.
Чемпионаттың финалына берілетін жолдама уысынан шығып бара жатқанын аңғарған «Номад» ойыншылары бұл кезеңде Андрей Шутов қақпасының алдында біраз қауіпті шабуыл ұйымдастырып, гол соғу үшін барын салғанымен, қарағандылық хоккейшілер мүмкіндік бермеді. Есесіне кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Андрей Яковлев ойынның нүктесін қойып, «Сарыарқаға» жеңіс сыйлады – 0:4. Осылайша, алты ойынға созылған жартылай финалда 4:2 есебімен жеңіске жеткен «Сарыарқа» ел біріншілігінің финалына шықты.
Енді «Сарыарқа» екінші жартылай финалдағы «Бейбарыс» пен «Арлан» клубтарының жеңімпазымен ойнайды. Қазір екі клуб арасында жалпы серияда таразы басы тең – 3:3. Алтыншы матчта «Бейбарыс» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, таразы басын теңестірген еді.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар