Сәуірдің 12-сі күні елорда уақытымен 17:40-та Ресей Федерациясы Орынбор облысына қарасты Ташлин ауданы Пустобаев елдімекеніндегі су қоймасының 7-8 метрдей бөгеті бұзылып, тоспа су төменге қарай лап қойды деген суыт хабар келді.

Мәліметтерге қарағанда бұл қоймада 8 млн текшеметр су қоры бар. Аққан су Елтышевка өзеніне құйылады. Елтышевка ағып келіп Қазақстан аумағынан Жайық өзеніне жалғанады. Қауіпті аймақта Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Шынар (Чинарев) ауылы тұр.
Шынар ауылында мектеп пен медбекет, шекаралық застава және 82 тұрғын үй бар екен. 223 адам тіркелген. Елдімекенде 207 сиыр, 449 қой-ешкі, 2 ат, 530 қаз-үйрек есепке алынған.
Суыт хабар жетісімен батысқазақстандық төтенше қызмет өкілдері шұғыл атқа қонды. 19 сағат 27 минутта күштер мен құралдар ауылға жетті. Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі қызметкерлері Елтышев өзенінің су деңгейі бақылауға алды. Халықты құлақтандыру, тұрғындарды эвакуациялауға дайындау жұмыстары басталды. Ауылды су басқан жағдайда халықты көшіріп, көршілес Январцев ауылдық мәдениет үйіне орналастыру жоспарланды.
Кешкі сағат 21.50. шамасында ауылға Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Өтегенов жетті. Жедел желі ұйымдастырылып, Орынбор облысындағы әріптестермен жедел ақпарат алмасу жолға қойылды.
Оқиға орнына төтеншеліктердің 14 техникасы, 59 қызметкері, жергілікті әкімдік органдарынан 45 адам, 10 техника, облыстық полиция департаментінен 10 адам, үш көлігімен, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметіне қарасты «Мұқатай» шекара бекетінен 5 адам, «Жайықмұнай» мекемесінен 1 адам, инженерлік қызмет мекемесінен 2 эксковатор жүргізушісімен, жол және көпір құрылысымен айналысатын «Орал жолдары», «Стартстройсервис», «ШамШин» мекемелерінен бірнеше арнайы техника жұмылдырылды. Әзірленген арнайы техниканың ішінде қайықтар, су сорғыш құралдар да бар.
Түнгі сағат 23.40. шамасында ресейліктер тарапынан су қоймасынан аққан су қарқыны сәл саябырсығаны туралы хабар жеткен.
Шынарлықтар бұл түні көз ілмеді. Ауылда тіркелген 223 адамның 150-дейі ғана бұл жерде тұрақты тұрады екен. 115 адам өз бетінше эвакуацияланды, туыстарына орналастырылды. 20 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге, Январцев ауылындағы эвакобекетке жеткізілді. 10 қарт адам және 2 бала құтқарушылардың «Кунг» көлігінде уақытша бас сауғалады. Ауылда тұрғындардан 4 ер адам ғана қалды. «Санжар» шаруа қожалығына тиесілі 250 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. Ауылда су келуі ықтимал деген тұстар, өзен жағалауы құм салынған қаптармен бекітілді. Ауыл ішінде ұзындығы 50 метр бөгет нығайтылды. Төтеншеліктердің күшімен 235 метр жерге 1285 қап және 40 метр топырақ үйіндісі төселді. Осы жұмыстарға 250 тонна инертті материал пайдаланылды.
Төтеншеліктердің баспасөз қызметі халыққа жағдайды әлсін-әлі хабарлап отырды. Сәуірдің 13-і күні түске таман өзен деңгейі түсе бастағаны байқалды. 3 жерде бақылау бекеті орналасып, судың ағысын толық қадағалауға алынды.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, Шынар ауылының халқы тұрғын үйлеріне қайта бастаған. Январцев ауылындағы мәдениет үйіне қонып шыққан 20 адам да Жайықмұнай компаниясының автобусымен кері оралды.
Батыс Қазақстан
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар