Қазақстан • 13 Сәуір, 2022

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды, деп хабарлады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», делінген хабарламада.

Ведомство, алайда мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

«Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған», деп атап өткен ведомстводан.