Футбол • 13 Сәуір, 2022

Қазақстан қыздар құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан қыздар құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді

Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасымен ойнады.

Бұрымды футболшыларымыз 0:3 есебімен есе жіберді. Уэльс сапынан голдарды Кейли Грин (30-шы), Наташа Хардинг (42-ші) және Джессика Фишлок (65-ші) соқты.

Қазақстан құрамасы үшін бұл ресми кездесулердегі қатарынан 17-ші жеңіліс болды.

Қазақстандық футболшылар 2018 жылдың 12 маусымында Босния және Герцеговина құрамасын (2:0) жеңгеннен бері жеңіске жете алмай келеді.

Қазақстанның қазіргі іріктеу кезеңіндегі көрсеткішіне келетін болсақ, құрама жеті кездесуде жеті жеңіліске ұшырады.