Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Өскемен дәрігерлері 750 грамдық сәбиді аман алып қалды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен дәрігерлері салмағы 750 грамм шала туған нәрестені аман алып қалды. Олар алақанға сыйып кететіндей баланы сақтап қалу үшін бірнеше ай күрескен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен дәрігерлері 750 грамдық сәбиді аман алып қалды

фото: pixabay

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының айтуынша, Мұстафа 2021 жылы 16 желтоқсанда жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келген. Туғанда нәрестенің салмағы 750 грамнан сәл асатын.

Бес ай бойы біз оның өмірі үшін күрестік. Ал бала болса, нағыз жауынгер, бізге көмектесті. Қазір сәбиіміздің салмағы үш келіден асады, деді емдеуші дәрігер, неонатолог Жанна Мұқанова YK-news.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Мұстафа – отбасындағы бесінші бала. Оны үйде анасымен бірге төрт әпкесі күтіп отыр.

«Ақырына дейін күресіңіз, өзіңізге немесе балаларыңызға бір минут болса да күмәнданбаңыз. Сіз әрқашан кереметке, ғажайыпқа сенуіңіз керек. Ұлым үш ай жансақтау бөлімінде жатқанда маған оны күнде көруге рұқсат берді. Мен баламның әпкелері туралы айтып, оны қалай күтіп жүргенін айтып, қасына барар уақытымды санап отырдым», дейді сәбидің анасы.