Пікір • 14 Сәуір, 2022

Қоғамдық кеңестер қайта құрылады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған жаңа саяси реформалар саяси трансформацияның логикалық жалғасы болып саналады. Ал саяси реформа – Жолдау аясында қойылған басты талап.

Қоғамдық кеңестер қайта құрылады

Бұл Жолдаудың жергілікті халыққа, жалпы, белсенді азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар, жалпы азаматтарға тигізетін пайдасы қандай? Бұдан шығатын нәтиже қандай? Осындай сұрақтарға келетін болсақ, сайлау жүйесін өзгерту және саяси партияларға байланысты біршама бастамаларды мысалға келтіруге болады. Мәселен, бұған дейін облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасары партия филиалдарының басшысы болатын болса, енді заңды түрде партия филиалының басшысы бола алмайды. Облыс әкімі мен орынбасары енді мәслихатпен тепе-тең жұмыс істейтін болады. Бұл өзгеріс екінші жағынан жаңа саяси партиялардың пайда болуына алғышарттар жасайды. Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселе – қоғамдық кеңестердің жұмыстарын қайта құру. Қоғамдық кеңестердің құрылуының басты мәселесі қазіргі мемлекеттік органдар болсын, мәслихат болсын, басқа да ұйымдарда бюджеттің ашықтығына өзінің септігін тигізу болып саналады.

 

Қазбек МАЙГЕЛЬДИНОВ,

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы