Пікір • 14 Сәуір, 2022

Халыққа өз билігін қайтарып беру керек

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды ұсынған кезде ең негізгі мәселе біздің әрқайсымыздың санамыз жаңғыру қажеттігін айтты. Өйткені саяси реформа дегеніміз ол тек белгілі бір заңдарға өзгеріс енгізу немесе белгілі бір нормативтік-құқықтық жаңа бір базаны қалыптастыру емес.

Халыққа өз билігін қайтарып беру керек

Саяси реформа дегеніміз – ең бірінші еліміздегі саяси процестерді жаңарту және жаңғырту деген сөз. Саяси процестерді жаңарту ол біздің әрқайсымыздың санамызға байланысты. Сондықтан бүгінгі таңдағы ең басты мәселе халық пен қоғамның, билік пен халықтың арасында диалог құра отырып, азаматтарымыздың әрқайсысының саяси әлеуетін арттыра отырып саяси мәдениетті қалыптастыру болып табылады. 30 жылдың ішінде, өкінішке қарай, тәуелсіз мемлекет құрамыз деп, өзіміздің халқымыздан өзінің билігін тартып алдық. Белгілі бір шешімдер қабылданатын болса, оның барлығы халықпен келісілмейтін болды. 30 жылдың ішінде экономикамызды реформалаймыз деп экономикалық көптеген активтер шетелге кетіп қалды. Саяси реформалардың саяси аспектісі бүгінгі таңда – әлеуметтік әділеттілік. Яғни халыққа өзінің билігін қайтарып беру керек. Президенттің Жолдауда айтып отырғаны – егер азаматтар партия құрамыз дейтін болса, оған құқылы және партия құруға ешкім қарсылық көрсетпеуі керек. Бұл – бірінші. Екінші, аймақтарда саяси партияға кірмейтін, бірақ саяси процестерге араласқысы келетін азаматтар бар. Міне, осы азаматтарға саясатқа араласуға құқық беру керек.

 

Ерлан САЙЫРОВ,

Мәжіліс депутаты