Пікір • 14 Сәуір, 2022

Азаматтық қоғам өкілдері белсенді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланған сәттен бастап, біздің өңірдегі қоғамның барлық топтары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея өкілдері, жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары және басқалар осы стратегиялық құжатқа үлкен қолдау білдіруде.

Азаматтық қоғам өкілдері белсенді

Біз қазірдің өзінде парламенттік сайлау мен ауыл әкімдерін сайлау барысында елімізді реформалаудың басталғанына куә болдық. Бұл бас­тама біздің өңірде халық тарапынан қолдау табуда. Жергілікті жерлерде мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру және күшейту болып табылады. Осы ретте біздің облыстық қоғамдық кеңес жаңартылып, оның 70 пайыздан астамы азаматтық қоғам өкілдерінен құралды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған барлық мақсаттар мен міндеттерге бірлесіп қол жеткізе алатындығымызға сенімдімін.

 

Елдос РАМАЗАНОВ,

Ақмола облысы әкімінің орынбасары