Қытай аумағында жүк контейнерлері ұзақ уақыт бойы тұрып қалатынын отандық бизнесмендер 2020 жылдан бері айтып жүр. Олар жүктерін тезірек алдырту үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан да көмек сұраған.

Айталық, Subaru Kazakhstan ЖШС контейнерлері Қытай аумағында 5 ай бойы тұрып қалған. Жүктердің кешігуі компания үшін қосымша шығын екені белгілі.
«Біздің компания көлікке арналған сапалы бөлшектерді Жапониядан сатып алады. Алайда жолда Қытаймен шекарада жүк контейнерлеріміз ұзақ тұрып қалып жатыр. Осыған байланысты қаржылай шығындарымыз да өсті. Бұл жайт техниканың бастапқы құнына да кері әсерін тигізеді. Өзіміз Subaru-дың ресми дистрибьюторы әрі зауыттың атынан кепілдік бергендіктен қосалқы бөлшектерді жеткізудегі кез келген кідіріс клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерімізді бұзумен пара-пар», деді Subaru Kazakhstan ЖШС директоры Ақылбек Анарбаев.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының араласуымен былтырдан бері Қытай аумағында тұрып қалған қазақстандық 1 300-ге жуық контейнер елге келген.
«Қазіргі кезде Қытай 45 контейнерді Ляньюньган портынан шығару жөніндегі жоспарға қосты, тағы 96 контейнер Қазақстан шекарасына жол тартты», делінген баспасөз хабарламасында.
«Атамекен» ҰКП мамандарының айтуынша, Қытайдан жүк тиелген контейнерлер елге келе жатыр. Ұлттық палата осы тұрып қалған жүктер туралы деректерді 2021-2022 жылдар аралығында салалық ведомстволар мен «Қазақстан темір жолы» компаниясына хабарлаған.
«Қазір біз оң динамиканы байқап отырмыз. Ұлттық палата 1 342 контейнер туралы деректері бар тағы бір тізімді жіберді. Сол тізімдегі жүктердің тұрып қалу мерзімі тым ұзарып кеткен. Шекарада 1-ден 4-ке дейін контейнері бар шағын және орта бизнес субъектілерінің жүктері 6-7 айдан бері Қытай аумағында тұр. Бұл тізімдегі жүктерді де елге тезірек қайтаруға күш салып жатырмыз», дейді «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.
Биыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп, контейнерлерді жөнелтуді жеделдету тетіктерін әзірледі: Палата тұрып қалған контейнерлер туралы деректерді ҚТЖ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Сыртқы істер министрлігіне жібереді. Мемлекеттік органдар Қытай тарапымен қозғалыс жоспарына Қазақстан контейнерлерін енгізу мүмкіндігін жан-жақты қарастыруды қолға алмақ.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар