Экология • 14 Сәуір, 2022

«Киік» акциясы өтеді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі.

«Киік» акциясы өтеді

Еліміздің 12 облысында жүр­гі­зілетін шара Экология, геоло­гия және табиғи ресурстар ми­нистрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің бірлескен бұйрығы негі­зінде ұйымдастырылады.

Қызылордадағы өңірлік ком­­­муникациялар қызметінде өткен баспасөз конференция­сында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК өңірлік филиалы басшысы Берік Жорабеков акция аясында атқа­рылар жұмыстарға тоқталды.

– Елімізде бұл жануарды 2023 жылға дейін аулауға, етін пайдалануға тыйым салынған. Биыл жылдағыдай облыстың солтүстік-шығыс беткейіндегі Қа­ра­құмды Бетпақдаладан ауған 30 мыңға жуық киік қыстап шық­ты. Акция шеңберінде құқық қор­ғау органдарымен бірлесіп Қызылорда – Ақтөбе, Қызылорда – Жезқазған және Қы­зылорда – Түр­кіс­тан бағытын­дағы жолдарда мо­бильдік топтар жұмыс істейді, – деді ол.

 

Қызылорда облысы